Введите номер документа
Прайс-лист

Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есепті жасау ережелері (101.03-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 Бұйрығымен Бекітілді) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 25 декабря 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 октября 2010

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611  Бұйрығымен

Бекітілді

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын
корпорациялық табыс салығы бойынша есепті жасау ережелері
(101.03-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық агентінің төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуіне, есептеуіне және резиденттің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығын уақтылы төлеуге арналған Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 144-бабына сай келетін салық агенті жасайды.

2. Есеп осы Есептің өзінен (101.03-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.03) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Есепке қосымша Есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9. Соманың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

10. Есеп жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом