Введите номер документа
Прайс-лист

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 151-ІV Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датасреда, 22 апреля 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 22 апреля 2009

Қазақстан Республикасының Заңы
 
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

 

 

1-бап. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы»2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда «Егемен Қазақстан»және «Казахстанская правда»газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 9-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

2) 22-баптың 9-тармағы алып тасталсын;

3) 25-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «ұсынғанда;»деген сөз «ұсынғанда жол беріледі.»деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

 

 

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы сәуірдің 22-і. 

  № 151-IV  ҚРЗ

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом