ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау ережесі
(110.00-нысан)
(2009.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны салық режимінің тұрақтылығы көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (110.00 нысаны) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (110.01-110.18 нысандары) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшірулерге жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларды көрсетілуі тиіс деректер жоқ болған кезде жасалмайды.
7. Декларациядағы қосымша парағындағы жолдар көрсеткіштерінің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Ержеде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.
9. Сомалардың теріс мәндері Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақ торкөзінде «-» белгісімен белгінеді.
10. Декларацияны жасау кезінде: