Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 517 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 14 апреля 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 октября 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 517 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық органы басшысының не басшысы орынбасарының қолы қойылып, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі лицензияны алуға өтінімдер беру күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасымен расталатын үш айдан артық (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                          

К. Мәсімов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом