Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 82 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
мамандарға арналған
нұсқаулық
АДРЕНАЛИН-ЗДОРОВЬЕ
(ADRENALIN-ZDOROVYE)
Саудалық атауы
Адреналин- Здоровье
(ADRENALIN-ZDOROVYE)
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эпинефрин
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 0,18% ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 1,82 мг эпинефрин гидротартраты,
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, натрий хлориді, инъекцияға арналған су бар.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Кардиотоникалық препараттар (жүрек гликозидтерін қоспағанда). Адрено- және допамин-ынталандырғыштары.
АТЖ коды С01CA24
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бұлшық ет ішіне және тері астына енгізген кезде тез сіңеді; қанда ең жоғары қанығу деңгейіне 3 - 10 минуттан соң жетеді. Плацентарлы бөгет арқылы, емшек сүтіне өтеді, гематоэнцефалиялық бөгет арқылы өтпейді. Бауыр, бүйрек жасушаларында, ішектің шырышты қабығында, аксондарда моноаминооксидазамен (ванилилминдал қышқылына) және катехол-О-метилтрансферазамен метаболизденеді. Көктамыр ішіне енгізген кезде жартылай шығарылу кезеңі 1-2 минут құрайды. Метаболиттердің шығарылуы бүйректер арқылы жүзеге асады.
Фармакодинамикасы
Адреналин-Денсаулық - кардиоынталандырғыш, қан тамырларын тарылтқыш, гипертензиялық, гипергликемиялық дәрі. Препарат әр жерге орныққан a және b адренорецепторларды ынталандырады.
Препараттың әсер етуінің алғашқы кезеңі b-адренорецепторлардың ынталануымен жүзеге асады және тахикардиямен, жүректің соғу ырғағының, қозғыштығының және миокардтың өткізгіштігінің жоғарылауымен, артериоло- және бронходилатациямен, жатыр тонусының төмендеуімен, аллергиялық реакциялардың тежелуімен, гликогеннің бауырдан және май қышқылдарының май қорынан мобилизациялануымен білінеді. Екінші кезеңде a-адренорецепторлар қозады, бұл құрсақ қуысы ағзалары, тері, шырышты қабық қан тамырларының тарылуына, систолалық артериялық қысымның, қан тамырлардың жалпы шеткергі кернеуінің жоғарылауына әкеледі.