«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай
газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 569 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы
Қабылданды - ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 218-ІV Заңын қара
Астанада 2007 жылғы 18 тамызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті