«Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 90 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен күші жойылды
«2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5429 болып тіркелген), «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрдің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 26 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 11 наурызда № 5587 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджетке түсімдер сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:
04 сынып атауының қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалсын;
1 кіші сынып атауының қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалсын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
1 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
05 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» кiшi функциясында:
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: