«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының 2009 жылға арналған табиғи газды магистральдық және газ тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтеріне арналған нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге берілген өтінімін қарау кезінде
тыңдау өткізу туралы
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 72-НҚ Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесінің 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының 2009 жылға арналған табиғи газды магистральдық және газ тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтеріне арналған нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге берілген өтінімін қарау кезінде тыңдау 2009 жылғы 3 наурызда өткізілсін.
2. Тыңдаудың төрағасы болып Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Жасер Әзімханұлы Жарқынбаев тағайындалсын.