Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешімі
(2009.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Қостанай қалалық мәслихатының 2009.15.01. № 152 шешімімен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер 13891904 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 9730426 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 55480 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 758000 мың теңге;
трансферттер түсімдері 3347998 мың теңге;
2) шығыстар 13991754,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу -5544 мың теңге, соның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -5544 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 3053 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді иелену 3053 мың. теңге;
5) тапшылық - 97359,5 мың. теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру 97359,5 мың теңге.
2. Бюджет Кодексіне сәйкес 2009 жылы қала бюджетіне, облыстық және республикалық бюджеттердің кірісіне есептелетіннен басқа, кірістер толық көлемде есептелінеді деп белгіленсін:
1) салықтық түсімдер:
жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; мүлікке салынатын салықтар; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; акциздер, республикалық бюджетке есептелетіннен басқа; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер, облыстық бюджетке есептелетіннен басқа; кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар; мемлекеттік баж, республикалық бюджетке есептелетіннен басқа;
2) салықтық емес түсімдер: