Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 80 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері» жөніндегі қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 148 қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 67 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасынының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері» туралы 2005 жылғы 24 ақпандағы № 80 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2902 тіркелген, 2005 жылғы 5 сәуірдегі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 118 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 80 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3010 тіркелген, 2008 жылғы 31 мамырдағы «Орал өңірі» № 47 газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: