Введите номер документа
Прайс-лист

Салық тексерулерінің нәтижелеріне жасалған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарау бойынша Әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 4 маусымдағы № 198 бұйрығымен бекітілді)

Информация о документе
Датачетверг, 4 июня 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 4 июня 2009

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы

4 маусымдағы № 198 бұйрығымен

 бекітілді

 

Салық тексерулерінің нәтижелеріне жасалған салық төлеушілердің
(салық агенттерінің) шағымдарын қарау бойынша
Әдістемелік ұсынымдар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әдістемелік ұсынымдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық тексерулерінің нәтижелеріне жасалған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын (бұдан әрі - салық төлеушінің шағымы) қарауды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерін ресімдеу және іске асыру жөніндегі мәселелерді реттейді.

2. Осы Әдістемелік ұсынымдарда белгіленген салық төлеушінің шағымын қарау тәртібі салық қызметі органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті.

3. Аудан, қала және қаладағы аудан бойынша салық басқармасы шығарған салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарауды тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органы: облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменті жүргізеді.

Облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық департаменті шығарған салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті) жүргізеді.

4. Салық комитетінің лауазымды тұлғалары жүргізген салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарауды тікелей Салық комитеті жүргізеді.

5. Салық төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешімді қайта қарауды Салық комитеті жүргізеді.

6. Салық төлеушілердің шағымдарын қарау бойынша жұмыс үшін жауаптылық салық қызметі органының тиісті құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі - шағымды қараушы құрылымдық бөлімше) жүктеледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом