Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы» 2007 жылғы 5 ақпандағы № 11 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 36 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты, исламдық банктердің қаржылық есептілігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы» 2007 жылғы 5 ақпандағы № 11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4553 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4907 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы» 2007 жылғы 5 ақпандағы № 11 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі № 82 қаулысымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен қоса) мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: