Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Бурабай» салық департаменті» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 915 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 16 июня 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 16 июня 2009

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Бурабай» салық департаменті» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 915 Қаулысы

 

«Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Бурабай» салық департаменті» аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 230-тармақпен толықтырылсын:

«230. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Бурабай» салық департаменті.».

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом