Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 935 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 18 июня 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 июля 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 935 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 667 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын косу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Жану проблемалары институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат етілсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен 1) тармақшаның күші жойылды

1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде:

реттік нөмірі 470-205-жол алынып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:

реттік нөмірі 16-4-жол алынып тасталсын;

3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 186-1-жол алынып тасталсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                             К. Мәсімов

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом