Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі арасындағы Тыңдаушылармен алмасу туралы келісім» (Астана қ. 2009 жылғы 20 мамырда)

Информация о документе
Датасреда, 20 мая 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 20 мая 2009

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі
арасындағы Тыңдаушылармен алмасу туралы
келісім
(Астана қ. 2009 жылғы 20 мамырда)

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі,

Тараптар арасындағы достық аясын кеңейтуге және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты мен Америка Құрама Штаттарының Әскери Академиясы (Вест-Пойнт) арасында тең құқықты негізде Тыңдаушылармен алмасуды жүзеге асыру мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімде қолданылатын төмендегі терминдер мыналарды білдіреді:

«Тыңдаушылар» - Тараптардың осы Келісімге сәйкес тағылымдамадан өту үшін әскери оқу орындарына жіберілетін Тараптың әскери қызметшілері;

«жіберуші Тарап» - қабылдаушы Тараптың әскери оқу орындарында тағылымдамадан өту үшін өз әскери қызметшілерін жіберетін Тарап;

«қабылдаушы Тарап» - өзінің әскери оқу орындарында тағылымдамадан өту үшін жіберуші Тараптың әскери қызметшілерін қабылдайтын Тарап.

 

 

2-бап

 

1. Тыңдаушыларды тағылымдамаға жіберу Тараптардың өтінімдеріне сәйкес екі жақты негізде және Тарап мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тараптар Тыңдаушылармен алмасу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

3. Келесі оқу жылына Тыңдаушылармен алмасу жоспарын бекітер алдында жыл сайын бірінші қазанға дейін Тараптар Тыңдаушыларды оқыту үшін бір-біріне курстардың тізімін ұсынады. Тізім: мамандандыруды, оқытудың әр түрлі нысандары бойынша ұсынылып отырған орындар санын, шарттары мен талаптарын, сондай-ақ курстардың мақсаттары мен міндеттерін қамтиды.

 

 

3-бап

 

1. Тағылыімдамадан өту үшін Тыңдаушыларды іріктеуді жіберуші Тарап жүзеге асырады.

2. Тыңдаушылардың тағылымдамасы орыс және/немесе ағылшын тілдерінде немесе әскери оқу орнының оқу жоспарына сәйкес басқа тілде жүргізіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом