Келісім-шарт
__________ қ. | №_____ | 200___жылғы «_____»__________. |
<заңды тұлғаның атауы, резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiгi, күнi мен нөмiрi, кiм тiркедi>, бұдан әрi «Жеткiзушi» деп аталады, <жарғының, ереженiң, 200__ж. «__»_____№____ сенiмхаттың> негiзiнде iс-әрекет ететiн <шартқа қол қойған тұлғаның лауазымы, аты-жөнi> арқылы, және бұдан әрi "Сатып алушы" деп аталатын <заңды тұлғаның атауы, резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiгi, күнi және нөмiрi, кiм тiркедi немесе жеке тұлғаның аты-жөнi, азаматтығы, резиденттiгi, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi және күнi>, төмендегiлер туралы осы Шартты жасады.
1. Келісім-шарттың мәнi
1.1. Жеткiзушi сатуға, ал сатып алушы осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшада атап көрсетiлген жиынтықтағы тауарды қабылдауға және ақысын төлеуге мiндеттенедi.
2. Келісім-шарттың бағасы және жалпы құны
2.1.Осы келісім-шарт бойынша тауардың бағасы осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшаға сәйкес айқындалады және жалпы сомасы____________________ DM құрайды.
2.2. 2.1-тармағында көрсетiлген баға белгiленген болып табылады және өзгертуге жатпайды.
3. Жеткiзу талаптары
3.1. Осы келісім-шарт бойынша тауар қолданылып жүрген ИНКОТЕРМС-2000___________________ сәйкес жеткiзiледi.
4. Жеткiзу мерзiмдерi және тәсiлдерi
4.1. Жеткiзушi аккредитив ашылғаны туралы хабарлама алған күннен бастап ________________ күн iшiнде ______________ көлiгiмен жүктi жеткiзудi қамтамасыз етедi.
4.2. Тауарды жеткiзу тараптар келiскен мерзiмде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
4.3. Тауарды алушы ____________________ болып табылады.
5. Ақы төлеу нысаны
5.1. 1-НҰСҚА.
Ақы төлеу _________________ арқылы _________________ берiлген қайтарымсыз бөлiнетiн құжаттамалық аккредитив түрiнде жүргiзiледi.
Аккредитивтердi бөлуге қажаттi құжаттардың тiзiмi аккредитив мәтiнiнде берiледi.
II- НҰСҚА.