Осы редакция 2009 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 ақпандағы
№ 148 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша өзара іс-қимыл туралы
келісім
Бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, осы Келісімге қол қойған ___________________ негізінде әрекет ететін ______________________ тұлғасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын назарға ала отырып, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу және тұрғын үй объектілерін салуды аяқтауды қаржыландыруды уақтылы ұйымдастыру мақсатында төмендегілер туралы келісті.
1. Пайдаланылатын терминдер
Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Банк - осы Келісімге немесе Қосылу шартына қол қойған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кез келгені;
Қор - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
Бірлескен іс-қимыл жоспары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
Құрылыс салушы - Қордың қаражаты есебінен кредиттелетін объектілерді салуды жүзеге асыратын құрылыс компаниясы;