Жуалы аудандық сотының 2007 жылғы 16 тамыздағы үкімін, қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 18 қазандағы қаулысын және қадағалау алқасының 2008 жылғы 1 шілдедегі қаулысын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының 2008 жылғы 20 қазандағы № 4 уп-108-08 Қаулысынан үзінді
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы төрағаның, судьялардың, прокурордың, адвокат М.-ның қатысуымен, адвокат М.-ның сотталған А.-ның мүддесін қорғап берген қадағалау шағымы бойынша келіп түскен істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 18 қазандағы, сол облыстық соттың қадағалау алқасының 2008 жылғы 1 шілдедегі қаулыларымен өзгеріссіз қалдырылған Жуалы аудандық сотының 2007 жылғы 16 тамыздағы үкімімен
А. 1974 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, бұрын сотталмаған,
- ҚК-нің 96-бабының 1 -бөлігімен 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленген.
Жазаны өтеу мерзімі 2007 жылғы 11 мамырдан бастап есептелген.
Сот үкімімен сотталған А. 2007 жылғы 4 наурыз күні 20 сағат 30 минут шамасында өзінің әкесінің туған бажасы жәбірленуші А.-ны араларында туындаған бас араздықтың салдарынан оң қолының алақан қырымен мойын тұсына бір рет ұрып және мойнынан оң қолымен құшақтап қысып қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.