Облыстық мәслихаттың Х сессиясының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 3 шілдедегі № 237-IV шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыстық әкімияттың 2009 жылғы облыс бюджетін нақтылау туралы ұсынысын қарай отырып, облыстық мәслихат ХVІ сессиясында ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2540 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтарда «Атырау» газетінде № 8 жарияланған), облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 149-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2543 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпанда «Атырау» газетінде № 23 жарияланған), облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 175-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2547 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 26 мамырдағы «Атырау» газетінде № 61 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
«96 789 507» деген цифрлар «99 855 473» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«47 377 687» деген цифрлар «49 944 232» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«49 055 667» деген цифрлар «49 555 088» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«79 673 115» деген цифрлар «81 884 089» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«-1 466 324» деген цифрлар «-1 516 324» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«429 000» деген цифрлар «379 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«17 956 354» деген цифрлар «18 845 044» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«17 959 260» деген цифрлар «18 847 950» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«626 362» деген цифрлар «642 664» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«-626 362» деген цифрлар «-642 664» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
3. Атырау қаласы мен аудандар бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2009 жылға келесідей көлемде бекітілсін: