Статистикалық есептерді беру мерзімдері және қол қою тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2001 жылғы 14 мамырдағы № 71 бұйрығы
(2004.23.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне, Қауiпсiздiк Кеңесiне және басқа пайдаланушыларға статистикалық есептердi бiрыңғай мерзiмiнде беру және статистикалық есептерге қол қою тәртібін белгiлеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің, заң күшi бар 21 желтоқсан 1995 жылғы "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлығының 11 бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Құқықтық статистика субъектiлерiмен келiсу бойынша, статистикалық есептердi беру мерзiмдерi және қол қою тәртібі туралы кестеге сәйкес статистикалық есептердi бiрыңғай мерзiмiнде беру және қол қою тәртібін белгiлеу (қосымша № 1).
2. Есептi беру уақыты, оның құқықтық статистика органдарына түскен уақыты болып есептеледi.
3. «Статистикалық есептердi беру мерзiмдерi туралы» № 45 17 маусым 1999 жылғы Бас прокурорының бұйрығы күшiн жойды деп саналсын және бар статистикалық есеп нысандарын осы бұйрыққа сәйкес келтіру.
4. Бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Г.В. Кимге жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры 3-дәрежелі
| мемлекеттік заң кеңесшісі | | | | | Р. Түсіпбеков |
1 қосымша
"Статистикалық есептерді тапсыру мерзімдері
мен оларға қол қою тәртібі туралы"
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2001 жылдың 14 мамырындағы № 71
бұйрығымен бекітілген
ҚР Бас прокурорының 23.03.04 ж. № 17 бұйрығымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Статистикалық есептілікті тапсыру графигі
мен оған қол қою тәртібі