Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1488 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 30 сентября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 июля 2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1488 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде:

2, 3, 4, 5-тармақтардағы, 8-тармақтың бірінші абзацындағы, сондай-ақ 9, 10-тармақтардағы «аудан», «ауданның», «аудандық», «Аудан» деген сөздерден кейін «(облыстық маңызы бар қала)», «(облыстық  маңызы  бар  қаланың)»  деген  сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

«ауданының» деген сөзден кейін «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:

«2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері» деген бөлімде:

2-тармақтың 1) тармақшасындағы «аудан» деген сөзден кейін «(облыстық маңызы бар қала)» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом