Бұзақылық ниетпен жәбірленушіні ұрып өлтіргендерге қатысты Атырау облыстық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 2а-360-08 Қаулысынан үзінді
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағаның, судьялардың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісінің, қорғаушылар Е., Ж.-ның қатысуларымен, Атырау облыстық сотының 2008 жылғы 16 қазандағы үкіміне апелляциялық тәртіппен келтірген сотталған А., А., Ж. және қорғаушылары А., Н., Ж.-ның шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Атырау облыстық сотының үкімімен
А., 1990 жылғы 5 маусымда Гурьев қаласында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған,
- Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сай, қылмыстардың жиынтығы бойынша, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Өтеу мерзімі 2008 жылдың 2 маусымынан бастап есептелген.
А., 1990 жылғы 9 шілдеде Гурьев қаласында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған,
- Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сай, қылмыстардың жиынтығы бойынша, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Өтеу мерзімі 2008 жылдың 7 маусымынан бастап есептелген.