«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларын әзірлеу және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 441 бұйрығына өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 460 бұйрығы
ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 52 және ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 140 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметін басқару мен бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ шұғыл мемлекеттік тапсырмаларды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жеке тапсырмаларын, халықаралық келісімдердің нормаларын орындауды жеделдету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: