“Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 76 Бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі № 71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 25 шілдеде № 1928 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 34) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібінде:
бүкіл мәтін бойынша "Статистикалық жұмыстардың жоспары", "Статистикалық жұмыстардың жоспарында", "Статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздер тиісінше "статистикалық жұмыстардың жоспары", "статистикалық жұмыстардың жоспарында", "статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделі өкілдері алдын ала талқылағаннан кейін статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
10-тармақта: