Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2008 жылғы 24 қарашадағы
№ 293 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
ОфлоÒ
Саудалық атауы
ОфлоÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Офлоксацин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг, 400 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 200,0 мг немесе 400 мг офлоксацин,
қосымша заттар: микрокристаллды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, жүгері крахмалы, натрий метилпарагидроксибензоаты, магний стеараты, тазартылған магний гидросиликаты, коллоидты кремнийдің қос тотығы,
қабықтың құрамы: тазартылған магний гидросиликаты, ақ Опадрай II бояуы 33 G28707 (гипромеллоза 6сР, титанның қос тотығы, лактоза моногидраты, макрогол 3000, триацетин) - 200,00 мг таблетка үшін;
сары Опадрай II бояуы 33 G52517 (гипромеллоза 6сР, титанның қос тотығы, лактоза моногидраты, макрогол 3000, триацетин, темірдің сары тотығы) - 400 мг таблетка үшін.
Сипаттамасы
200 мг таблеткалар: үлбірлі қабықтағы ақ немесе сарғыш-ақ түсті, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.
400 мг таблеткалар: үлбірлі қабықтағы сары түсті, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Микробтарға қарсы препараттар - хинолон туындылары. Фторхинолондар.
АТЖ коды J01MA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Офлоксацинді ішкеннен кейін асқазан-ішек жолынан (95% жуық) тез және толық сіңеді. Ішкеннен кейін қан плазмасында ең жоғарғы концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді және дозаға байланысты: 200 мг және 400 мг бір рет қабылдағаннан кейін ол тиісінше 2,5 мкг/мл және 5,0 мкг/мл құрайды. Тамақ препараттың сіңуін баяулатуы мүмкін, бірақ ол оның биожетімділігіне негізінен әсер етпейді, ол іс жүзінде 100% құрайды. Офлоксациннің 5% бауырда метаболизденеді.