«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредитті беру шарттарын анықтау
туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 743 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредит берудің мынадай шарттары анықталсын:
1) кредит мөлшері 23560000000 (жиырма үш миллиард бес жүз алпыс миллион) теңгені (бұдан әрі - кредит) құрайды;
2) кредитті беру мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 8-бабына сәйкес қарыз алушының анықталған азаматтардың санаттарына жылдық 4 (төрт) пайыз сыйақы ставкасы бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру болып табылады;