Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 212-ІV Заңы

Информация о документе
Датасреда, 2 декабря 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 2 декабря 2009
Дата последнего изменениясреда, 2 декабря 2009

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат):

1) 53-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;»;

2) 54 және 55-баптардың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «тегін» деген сөзбен толықтырылсын.

2. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж, № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; 2006 ж., № 12, 71-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 86-құжат):

13-баптың 2-тармағы «Мемлекеттік тапсырысы» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұсыну нысандары мен түрлер бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 2-сі.

 

                             № 212-ІV ҚРЗ

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом