2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 қарашадағы № 16/218-IV шешімі
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 108-бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 11 қарашадағы № 198-IV Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 18 қарашадағы № 1871/1 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1894 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2491, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 1, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 1 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 107965720,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 15340554,1мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1052032,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 91573134,7 мың теңге;
2) шығындар - 108171215,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 100771,0 мың теңге, соның ішінде: