Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2006 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 139 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Гинезол кремі (Gynezol cream)
Сауда атауы
Гинезол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Миконазол
Дәрілік түрі
Сықпада 45 грамнан крем
Құрамы
1 грамм крем құрамы
Белсенді заттары: 20мг миконазол нитраты
Қосымша заттары: тазартылған су, бензой қышқылы, пегоксол 7-стеараты, пегликол 5-олеаты, минералды май, бутилирленген гидроксианизол.
Сипаттамасы
Құрамында бөтен қоспалары мен бөлшектері жоқ бірыңғай, ақ немесе әлсіз ақ түсті крем.
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктермен микробқа қарсы препараттар олар гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған. Имидазол туындылары.
Код АТС G01АF04
Фармакологиялық қасиеттері
Зеңге қарсы әсері зеңдердің жасуша мембранасының түзілуіне қажет эргостериннің синтезін бұзуына негізделген.
Миконазол нитраты - ашытқы және ашытқы тәрізді зеңдер (Candіda albicans, Candіda glabrata және басқа да Candіda түрлері) жөнінде белсенді, сондай-ақ әсіресе грам оң бактериялар жөніндегі айқындығы жоғары бактерияларға қарсы зат.
Қолданылуы
- қынаптық және вульвоқынаптық микоздар
- грам оң микроорганизмдер туғызған асқын жүқпа,
- баланит.
Қолдану тәсімі мен дозалары
Сыртқа, кремнің аздаған мөлшерін сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарына жағады және/немесе аппликатордың көмегімен қынапқа енгізеді, тәулігіне бір рет түнге қарай 6-7 күн бойы.
Қынаптық зақымданудың емделу тиімділігі тек жыныстық серіктесін бірге емдегенде ғана байқалады.