Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2009 жылғы 16 сәуірдегі
№ 137 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Глютамин қышқылы
Саудалық атауы
Глютамин қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Глутамин қышқылы
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған 0,25 г таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 0,25 г глютамин қышқылы бар,
қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылды кальций, тағамдық желатин, ацетилфталилцеллюлоза.
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі жағы дөңес, ақ немесе әлсіз сарғыш реңді ақ дерлік түстегі ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесін емдеуге арналған басқадай препараттар.
АТЖ коды N07XX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі - жоғары. Гистогематикалық, жасуша қабығы мен субжасушалық түзілістер жарғақшалары арқылы жақсы өтеді. Бұлшықет пен жүйке тіндерінде, бауыр мен бүйректе жинақталады. Шығарылуы - бүйрек арқылы - 4-7% өзгермеген күйінде шығарылады.
Фармакодинамикасы