Облыстық мәслихаттың Х сессиясының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV
«2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 280-IV шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыстық әкімдігінің 2009 жылғы облыс бюджетін нақтылау туралы ұсынысын қарай отырып, облыстық мәслихат ХVІІІ сессиясында ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2540 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтарда «Атырау» газетінде № 8 жарияланған), облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 149-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2543 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпанда «Атырау» газетінде № 23 жарияланған), облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 175-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2547 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 26 мамырдағы «Атырау» газетінде № 61 жарияланған), облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 3 шілдедегі № 237-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2550 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 тамыздағы «Атырау» газетінде № 100 жарияланған), облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 16 қазандағы № 253-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2553 рет санымен тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
«96 251 466» деген цифрлар «97 330 584» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«46 303 820» деген цифрлар «46 252 654» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«49 600 293» деген цифрлар «50 730 577» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«83 252 238» деген цифрлар «83 777 157» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«-1 516 324» деген цифрлар «-1 049 540» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«1 895 324» деген цифрлар «1 428 540» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«13 872 733» деген цифрлар «13 960 148» деген цифрлармен ауыстырылсын;