«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 Қаулысы (күші жойылды)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанындағы «Денсаулық сақтау,» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
«
3-1
Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру
кемінде 5
».
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.