«Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»
мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 258 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3700 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 89268570,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша- 2939796,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 32010,6 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша- 86296764,0 мың теңге;
2) шығындар - 88797716,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 854741,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1269185,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 414444,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар сальдо - 497328,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 497328,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -881215,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 881215,0 мың теңге.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:
«6-1. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджетке 37598,0 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 32030,0 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалар бюджеттерінен 5568,0 мың теңге сомасында;
аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 4659,0 мың теңге сомасында.
Аудандар мен қалалар бюджеттерінен нысаналы трансферттерді қайтарудың көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімі Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде белгіленеді.»;