Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлығына Түсініктеме

Информация о документе
Датапонедельник, 1 февраля 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 февраля 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлығына
Түсініктеме

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді.

1997 жылы Мемлекет басшысы ел халқына «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдаумен қайырылып, онда Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық басымдықтары айқындалды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарының алғашқы онжылдығын іске асыру аяқталып, оның негізгі мақсаттарына қол жеткізілді.

Келесі онжылдықтың шешуші бағыттары мен стратегиялық мақсаттары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында анықталды.

Мемлекеттің күш-жігері шешуші бес бағытқа шоғырландырылатын болады:

- дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлену;

- экономиканы жедел әртараптандыру;

- болашаққа инвестициялар;

- азаматтарға арналған қызметтер;

- ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Қазақстанды дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу аясында болашақ сапалы өсу үшін негіз қалауға мүмкіндік беретін іскерлік ахуалды жақсарту, қаржы жүйесінің тұрлаулығын қамтамасыз ету және сенімді құқықтық ортаны қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделеді.

Экономикалық әртараптандыру мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл бұйымдар өндірісі; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; сондай-ақ энергетика, көлік және телекоммуникациялар секілді басым бағыттар бойынша оза даму есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Әртараптандырудың шешуші басымдықтары Елді 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом