Осы редакция 2010 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2008 жылғы 2 сәуірдегі
№ 70/4 қаулысымен
бекітілді
Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі нұсқаулық
Осы коммуналдық меншік обьектілерін кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру нұсқаулығы (бұдан әрі -Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлімі) сәйкес, коммуналдық меншік объектілерін пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды реттеу мақсатында әзірленген және коммуналдық меншік обьектілерін кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
1. Жалпы ережелер
1. Нұсқаулықта мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
«баланс ұстаушы»- балансында сенімгерлік басқаруға берілетін мүлігі бар коммуналдық заңды тұлға (бұдан әрі - Баланс ұстаушы);
«пайда алушы» - Шартта көрсетілген тұлға, оның мүддесәнде сенімгерлікпен басқару (бұдан әрі - Пайда алушы) жүзеге асырады;
«шарт»- мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты (бұдан әрі - Шарт);
«мүлік»- коммуналдық меншік объектілері (бұдан әрі - Мүлік);
«комиссия»- құрылтайшы құрған тендерлік комиссия (бұдан әрі - Комиссия);
«басқарушы» - Шарт бойынша сенімді басқарушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - Басқарушы);
«қатысушы» - тендерге қатысу үшін өтінімдерді және Комиссия белгіленген тиісті құжаттарды уақытында ұсынған жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі - қатысушы);
«құрылтайшы» - Мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге уәкілетті және Шарт бойынша құрылтайшы болып табылатын мемлекеттік орган (бұдан әрі - құрылтайшы);
«уәкілетті орган» - әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдігі;
2. Құрылтайшы Мүлікті кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді уәкілетті органның қолдау хаты негізінде қабылдайды.