«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2521, «Дидар» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4, 2010 жылғы 12 қаңтардағы № 5-6 сандарында, «Рудный Алтай» газетінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 1-2 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 119462249 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 14640732 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1069783 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 103751734 мың теңге;
2) шығындар - 119510867 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 2030509 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3105137 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1074628 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 36000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 36000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;