Введите номер документа
Прайс-лист

Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін жасау ережелері (540.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген) (2010.30.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 24 декабря 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 14 января 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574

Бұйрығымен бекітілген

 

Үстеме пайда салығы бойынша

декларацияға (540.00-нысан)

қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін жасау
ережелері
(540.00-нысан)

(2010.30.06. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және үстеме пайда салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшасына сәйкес үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар), Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт, пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін, кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және (немесе) емдік балшықтарды барлауға, барлау және өндіруге немесе өндіруге арналған келісім-шарттар, сондай-ақ барлау және өндіруге байланысы жоқ жер асты ғимараттарының құрылысына және пайдалануына арналған келісім-шарттар бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан басқа, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша жеке толтырады.

2. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті тор көздері толтырылмайды.

4. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде « - » белгісімен көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом