Введите номер документа
Прайс-лист

Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт (Минск қ. 2009 жылғы 27 қарашада) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 27 ноября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2018

Кеден одағының Кеден кодексі туралы
шарт
(Минск қ. 2009 жылғы 27 қарашада)

 

2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР 2010 жылғы 25 маусымдағы № 293-ІV Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын назарға ала отырып, кеден одағының бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында, төмендегілер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап

 

Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексін (бұдан әрі - Кодекс) қабылдайды.

Кодекс ережелерінің кеден одағы кеден заңнамасының өзге ережелерінен басым күші бар.

 

 

2-бап

 

Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

Дауларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінгенге дейін кеден одағының шеңберінде реттеуде Кеден одағының комиссиясы Тараптарға жәрдемдеседі.

Егер Тараптардың біреуінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға береді.

 

 

3-бап

 

Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.

 

 

4-бап

 

Осы Шартқа осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

 

5-бап

 

Осы Шарт ратификациялауға жатады.

Осы Шарт мемлекет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) шешіміне сәйкес күшіне енеді.

Осы Шарт кеден одағының мүшесі болатын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.

 

Минск қаласында 2009 жылғы 27 қарашада орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

Осы Шарттың түпнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі болып табылатын және Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

 

 

Беларусь

Республикасының

Үкіметі үшін

Қазақстан

Республикасының

Үкіметі үшін

Ресей

Федерациясының

Үкіметі үшін

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом