Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2010 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 574 Бұйрығымен бекітілген

 

Жеке табыс салығы және мүлік

бойынша декларацияға

(230.00-нысан) қосымша

 

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау
Ережесі
(230.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған осы Ережелерге қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 185-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, соттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация беру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар жасалады.

2. Декларация Декларацияның өзінен (230.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01 - 230.03 нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды.

5. Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде Декларацияға қосымша, міндетті толтыруға жатады.

6. Көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда Декларацияға қосымша жасалмайды.

7. Осы Ережеде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

8. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

9. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз түрінде - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды түрде - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом