Мәслихаттың «Қостанай ауданының 2010-2012 жолдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 261 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 15 «2010-2012 жылдарға арналған Қостанай ауданының аудандық бюджеті туралы» 2009 жылға 23 желтоқсандағы № 254 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» мәслихат шешімінің жобасына Қостанай ауданы мәслихатының сессиясында бекітуге енгізу туралы» қаулысын қарап, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 «Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-116 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 15 қаңтарында аудандық «Арна» газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
«1. Қостанай ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 4048060,0 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 1277852,0 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 3151,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 18997,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 2748060,0 мың теңге;
2) шығындар - 4055265,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 567923,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 567923,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операция бойынша сальдо - 17000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 17000,0 мың теңге.
5) бюджет тапшылығы (артығы) - -592128,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (артығын пайдалану) - 592128,8 мың теңге.»;