Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Монғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы
меморандум
(Астана қ,. 2008 жылғы 25 сәүірде)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Монғолия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі,
Қазақстан Республикасы мен Монғолияны біріктіретін тығыз байланыстар мен достық қарым-қатынастарды назарға ала отырып,
өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы өзара ынтаны ескере отырып,
экономиканы дамытуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығының жетекшілік рөлін түсіне отырып,
елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тәжірибе алмасудың және барлық деңгейдегі ынтымақтастықтың қажеттілігін тани отырып,
мыналар жөнінде келісті:
1-бап
Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай салаларда жүзеге асырылады:
- мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы;
- ауыл шаруашылығы өнімінің саудасы;
- өсімдіктерді қорғау және карантин;
- ветеринария;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
- аграрлық ғылым.
2-бап
Осы Меморандумның ережелерін іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
өзара мүддені білдіретін ақпаратпен, материалдармен, өнімдердің үлгілерімен және ауыл шаруашылығы зерттеулердің нәтижелермен алмасу, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына заманауи технологияларын енгізу;
Тараптар Мемлекеттері ауыл шаруашылық саласында қабылданған нормативтік құқықтық актілермен және стандарттармен алмасу;