Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағ ы «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 259/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 272/24 шешімі
Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 1-11/560 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың (IV сайланған ХXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3147 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы «Сарыарқа самалы» газетінің № 149, 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 150, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы «Звезда Прииртышья» газетінің № 149, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 1 санында жарияланған) № 259/21 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мына редакцияда жазылсын:
«1. 2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 68459453 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 13708003 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 360635 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 54390815 мың теңге;
2) шығындар - 68107332 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -143525 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 642736 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 786261 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 178432 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 178432 мың теңге;
5) бюджет профициті - 317214 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -317214 мың теңге.»;