Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 38 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 62 (1091) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережелерінде:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кредиттеудің барлық кезеңінде төлеуге жататын сыйақының жалпы сомасы және кредит беру туралы шартты жасау күніне - кредиттің және сыйақының жиынтық мәні.