«2010-2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы»
2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 211 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 235 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 44 бабының 5 тармағына, 104 бабының 5 тармағына, 106 бабының 2, 3 тармақтарына және «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 279 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 3-1-126 санымен тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы № 17-18 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған «2010 - 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 211 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
1) тармақшадағы:
кірістер «18 555 452» сандары «19 502 013» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
трансферттер түсімдері «6 287 713» сандары «7 234 274» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
шығындар «17 481 452» сандары «18 593 030,1» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы:
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо «0» саны «60 000 мың» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу «0» саны «60 000 мың» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
бюджет профициті «1 074 000» сандары «848 982,9» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
бюджет профицитін пайдалану «-1 074 000» сандары «-848 982,9» сандарымен ауыстырылсын.
2) 6 тармақтағы:
7 азат жол бөлігінде:
«5 847» сандары «5 695» сандарымен ауыстырылсын.
3) 12 тармақтағы:
4 азат жол бөлігінде:
«200 000» сандары «50 000» сандарымен ауыстырылсын;
және келесі мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын: