Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 100 Бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың Бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі № 71 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 25 шілдеде № 1928 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 34, 676-құжат);
2) «Қазақстан Республикасында статистикалық есептілікті табыс ету тәртіптерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 72 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда № 1947 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 34, 677-құжат);
3) «Мемлекеттік статистика органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 127 бұйрығының (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 2, 15-құжат);