Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 14 сәуірдегі № 04.2-40/80 Бұйрығы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 Қаулысымен күші жойылды
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 7 «Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4411 тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
5) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Рейтинговое агентство «KZ-rating» («Рейтинговое агентство «КЗ-рейтинг») жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».