«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 6 бұйрығы
(2010.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010.20.01. № 04.2-40/19 Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Заңы 6 бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010.20.01. № 04.2-40/19 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына келесі талаптар бекітілсін:
1) қаржы сенімділігінің рейтингісі ретінде тиісті акциялардың эмитенттері - акцияны арнайы сауда алаңына рұқсат берілген жағдайда, ал олардың борышты бағалы қағаздары - оның борышты бағалы қағаздарына рұқсат берілген жағдайда рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша шетел валютасындағы немесе ұлттық валютасындағы мерзімді несие қабылданады;
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.20.01 № 04.2-44/18 Бұйрығымен (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 04.2-40/19 Бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) эмитенттің бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы: