Введите номер документа
Прайс-лист

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының Кемер уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама (Анкара қ., 2012 жылғы 16 сәуірде)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 16 апреля 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 16 апреля 2012

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының
Кемер уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы
хаттама
(Анкара қ., 2012 жылғы 16 сәуірде)

 

ҚР 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 65-V Заңымен ратификацияланды

2013 жылғы 14 ақпанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі,

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының Кемер уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттаманың (бұдан әрі - 1993 жылғы Хаттама) ережелерін басшылыққа ала отырып,

1993 жылғы Хаттамаға мынадай өзгерістер енгізу туралы келісті:

 

 

1-бап

 

1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Мазмұны

Осы Хаттамаға сәйкес Анталия провинциясының Кемер уезінде Бельдиби ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 66023,41 шаршы метр, 806 нөмірлі орманды жер учаскесі Қазақстан Республикасына пайдалануға беріледі.».

 

 

2-бап

 

2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Пайдалану түрі

Алаңы 22295,36 шаршы метр берілетін жер учаскесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасына мемлекеттік резиденция үшін рекреациялық және сауықтыру мақсатында пайдалануға өтеусіз негізде беріледі.

Алаңы 43728,05 шаршы метр жер учаскесінің басқа бөлігі Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта пайдалану үшін ақылы негізде беріледі. Осы жер учаскесін коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты салықтарды, баждар мен өзге де міндетті алымдарды төлеу тәртібі мен шарттары Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

Қазақстандық Тарапта алаңы 43728,05 шаршы метр жер учаскесін коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты салықтарды, баждар мен өзге де міндетті алымдарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап туындайды.

Осы Хаттаманың шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы жалдауға алынған жер учаскесін Қазақстан Республикасының ресми тұлғалары мен мекемелеріне береді.

Қазақстандық Тарап өзіне берілген жер учаскелерін ұстау жөніндегі барлық шығыстарды көтереді және Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізе алады.».

 

 

3-бап

 

3-баптың бірінші абзацындағы «тегін» деген сөз алынып тасталсын.

 

 

4-бап

 

6-баптағы «Вена дипломатиялық конвенция» деген сөздер «18 сәуірдегі дипломатиялық қатынастар туралы Веналық конвенцияның» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

5-бап

 

Осы Хаттама 1993 жылғы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

 

2012 жылғы 16 сәуірде Анкарада қаласында әрқайсысы қазақ және түрік тілдерінде бірдей заң күші бар екі данада жасалды.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Түрік Республикасының

Үкіметі үшін

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами