Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісім (Қарағанды қ., 2010 жылғы 13 қарашада)

Информация о документе
Датасуббота, 13 ноября 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 13 ноября 2010

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде
«Достық» бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Қарағанды қ., 2010 жылғы 13 қарашада)

 

ҚР 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 196-V Заңымен ратификацияланды

2014 жылғы 26 мамырда күшіне енді

 

Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

1. Тараптар Қорғас шекаралық пунктінен 24,5 км қашықтықта, Қорғас су пунктінен 4,3 км төмен жерде Қорғас өзенінде «Достық» ортақ су торабын (бұдан әрі - бірлескен су торабы) бірлесіп салуды жүзеге асырады.

2. Бірлескен су торабының осі арқылы өтетін сызық оның түйісу сызығы болып табылады.

3. Бірлескен су торабы тең үлеске ие Тараптар мемлекеттерінің ортақ меншігі болып табылады.

4. Бірлескен су торабын басқару және пайдалану мәселелері Тараптар арасында жасалатын жеке халықаралық шартпен реттеледі.

 

 

2-бап

 

1. Бірлескен су торабын салу жобасы мынадай құрылыстарды:

1) реттелген жеткізу және бұру арналарын;

2) ағызу және шаю саңылаулары бар бөгетті;

3) кіру және шығу шлюздері бар ирелең каналдарды;

4) магистральдық каналдардың бас шлюздерін;

5) автоматтандыру, электрмен жабдықтау және бақылау аспаптары бар диспетчерлік пунктті;

6) әрбір Тарап мемлекетінің аумағында бірлескен су торабына ұзындығы 200 метр кірме жолды қамтиды.

2. Бірлескен су торабының құрамына кірмейтін қызмет көрсетуші объектілер (әрбір Тарап мемлекетінің аумағында электрмен жабдықталуы және коммуникациясы бар әкімшілік ғимарат) салуды әрбір Тарап дербес жүзеге асырады.

 

 

3-бап

 

Бірлескен су торабының құрылысын қаржыландыруды Тараптар бірлескен су торабы жалпы құнының 50 пайызынан бөлісіп жүзеге асырады.

 

 

4-бап

 

Бірлескен су торабын салу кезінде Тараптар мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами