Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына толықтырулар мен өзгерістерді енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 63 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
«1. Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген кесте:
1052-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1053-шотпен толықтырылсын:
| « | 1053 | Ипотекалық ұйымдардың банктердегі ағымдағы шоттары | | »; |
1054-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
| « | 1054 | Басқа банктердегі корреспонденттік шоттары мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) | | »; |
1202-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
| « | 1202 | Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есептелетін бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек | | »; |